Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр
Ақмола облысы Щучье қаласында азаматтық некедегі ер адам жас қызды өлімші етіп сабап, мерт қылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл фактіні журналистерге Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған.
«Алдын ала болжам бойынша, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде әйелін аяусыз ұрып, өлтірген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желідегі халық бұл оқиға азаматтық некедегі күйеуі, экс-министр Қунадық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың өліміне ұқсайтынын, Қазақстанда әлі де әйел адамдар толық қорғалмаған деген ойларын жазып жатыр.