$ 463.41  546.27  6.18

Ақтауда 6 жасар бала ажал құша жаздады

Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жол апаты 7 мамыр күні Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеп. 

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Camry көлігін тізгіндеген 1997 жылғы жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы дереу жеткен. Зардап шеккен 6 жастағы бала Маңғыстау облыстық балалар көпсалалы ауруханасына жеткізілді.

Медициналық мекеменің хабарлауынша, балаға оң жақ сан сүйегінің мойны жабық ығысқан сынуы диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/281068-aqtauda-alty-zastagy-balany-kolik-qagyp-ketti

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0