Сонымен қатар, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда бұршақ түсіп, қатты жел тұрады және тұман болады деп болжанады.
2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон жүріп, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал батыс пен солтүстік-батыс өңірлерде қатты жауын-шашын болады.
Сонымен қатар, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда бұршақ түсіп, қатты жел тұрады және тұман болады деп болжанады.
Республикамыздың шығысында ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ, еліміздің басым бөлігінде жел екпін алып, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.
"Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында үсік жүріп, сынап бағаны -1°C-ге дейін төмендейді деп болжанады", деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.