Ал ауруханаға алғашқы қоңырау "103" қызметкерлерінен түсіпті.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған медициналық орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мұрат Нұрбикенов айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, жұмысшылардың бірінің денесі 90 пайыз күйген. Ал ауруханаға алғашқы қоңырау "103" қызметкерлерінен түсіпті.
– Таңғы сағат 08:30-да жедел жәрдемнен бауруханаға қоңырау түсті. Олар "жаппай жараланғандарды әкеле жатырмыз" деді. 08:40-та аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл бригада құрылды. Оның қатарында реаниматолог, травматолог, комбустиолог бар. Алғашқы жараланғандар 08:45-те түсе бастады. Бірінші 5 адам түсті. Оның төртеуі – ер адам, біреуі – әйел. Оларды толық тексеруден өткізіп, қан сараптамаларын алдық. Үшеуінің жарақаты жеңіл болған соң, оларды үйіне қайтардық, қалған екеуін жатқыздық. 1980 жылы туған бір ер адамның жағдайы – аса ауыр, оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Терісі, ішкі органдары мен өңеші, тіпті көзіне дейін күйіп кеткен. Шок жағдайында түсті. Оған шұғыл көмек көрсеттік. 1974 жылы туған тағы бір ер адамның омыртқасы сынған. Оны травматолгия бөліміне жатқыздық, – деді ол.
Мұрат Нұрбикенов орталыққа басқа жараланғандар түспегенін хабарлады.