$ 460.8  541.21  6.13

Астанада мектептегі қыздар арасындағы төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бұған дейін желіде Астанадағы № 36 мектептегі оқушы қыздар арасындағы төбелестің видеосы тараған болатын.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астана полициясы қала мектептерінің бірінде оқушы қызды соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін желіде Астанадағы № 36 мектептегі оқушы қыздар арасындағы төбелестің видеосы тараған болатын.

Оқушылардың ата-аналары басшылықты зорлық-зомбылық дерегін жасыруға тырысты деп айыптап, балаларға қысым көрсетілгенін мәлімдеді және директордың отставкаға кетуін талап етті.

Астана полиция департаменті кәмелетке толмағандар арасындағы төбелес дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық қатысушысы анықталғанын хабарлады.

Сондай-ақ полиция жанжалға қатысушылардың ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Мектепке қатысты ұсыныс енгізіліп, қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Уәкілетті органдар жасөспірімдерді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына жіберу мәселесін қарастырады», – делінген хабарламада.

Полиция тергеу амалдары жалғасып жатқанын және оның қорытындысы бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатынын айтты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0