$ 460.8  541.21  6.13

Қаза тапқандар бар: Мәскеудегі құрылыс алаңында ірі өрт болды

Ғимарат ішінде 200-ден астам адам болуы мүмкін.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Мәскеудің солтүстігінде салынып жатқан көп қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— Соңғы мәліметтер бойынша, 31 адам құтқарылды, жеті адам жарақат алды, үшеуі қаза тапты. Ғимараттың екінші қабатынан құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ғимарат ішінде 200-ден астам адам болуы мүмкін.

Өртке ең жоғары деңгейлі күрделілік, бесінші дәреже берілді. 120-дан астам адам және 30 техника жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің себебі жұмысшылар кабинасындағы электр панеліндегі қысқа тұйықталу болуы мүмкін.

— Бұл оқиға бойынша процедуралық тергеу барысы мен нәтижесін прокуратура бақылап отыр, — деп хабарлады Мәскеу прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жауған қар мен жел өрт сөндіру жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0