$ 460.8  541.21  6.13

Қазақстандықтардың жеке мәліметін кім сатып жүр?

Сондай-ақ «жеке деректерді ХҚКО қызметкерлері сатып жатыр» деген әңгіме әзірге расталмағанын айтты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астана мен Алматыда азаматтардың жеке деректерін сатты деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Бұл ақпарат тараған соң қоғамда «мәлімет қайдан шығып жатыр?» деген сұрақ күшейді.

Бүгін журналистер осы мәселені Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин-нен сұрады. Алайда ол тергеу жүріп жатқанын айтып, нақты дерек бере алмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ «жеке деректерді ХҚКО қызметкерлері сатып жатыр» деген әңгіме әзірге расталмағанын айтты.

Вице-министрдің сөзінше, алаяқтар мәліметті көбіне QR-код, күмәнді сілтеме, SMS немесе қоңырау арқылы иемденеді.

Яғни мәселе тек бір мекемеде емес, қауіпсіздікке салғырт қараудан да туындап отыр. Қазір жеке деректерді қорғау жүйесін күшейту шаралары қолға алынған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0