Оның сөзінше, нақты шешім тек жылыту маусымының қорытындысы шыққан соң қабылданады.
Жылыту маусымы аяқталмай жатып, коммуналдық тарифтердің тағдыры тағы да талқыға түсті. Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Үкіметтегі брифингте тариф өсімі әзірге қаралмайтынын айтты.
Оның сөзінше, нақты шешім тек жылыту маусымының қорытындысы шыққан соң қабылданады. Яғни, алдымен елдегі энергия жүйесінің жұмысы толық сарапталмақ.
Содан кейін ғана ұзақмерзімді тарифтер мәселесі күн тәртібіне қойылады. Вице-министр тарифке әсер ететін басты факторларды да атады.
Олардың қатарында жабдықтарды жөндеу қажеттілігі мен инфрақұрылымның жағдайы бар. Бұл шығындар болашақта бағаға тікелей ықпал етуі мүмкін. Алайда әзірге нақты қымбаттау туралы айту ерте екенін жеткізді. Коммуналдық төлем қашан және қаншаға өсетіні әзірге белгісіз.