$ 461.37  542.16  6.14

Мобильді аударымдар тексеріле бастады: мамырдан бастап қазақстандықтарға жаппай хабарлама келе ме?

Қаржы министрлігі әзірге қорытынды шығаруға асықпай отыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстандықтардың мобильді аударымдары бойынша деректерді банктер Қаржы министрлігіне өткізіп қойған. Бұл туралы вице-министр Ержан Бижанов мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық банк ақпаратты тапсырған, қазір билік сол деректерді өңдеп жатыр. Әзірге нақты қандай санаттағы азаматтарға қандай шара қолданылатыны белгісіз.

Министрлік алдымен мәліметтерді саралап, әр санат бойынша бөледі. Яғни, жеке кәсіпкер ме, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ба, әлде резидент емес пе – соның бәрі жеке қаралады. Осы талдаудан кейін ғана нақты шешімдер қабылданады.

Алғашқы ескертулерді қазақстандықтарға мамыр айынан бастап жіберу жоспарланып отыр. Дегенмен, нақты қанша адамға хабарлама баратыны әзірге айтылмайды. Себебі бір адам бірнеше банкте тіркелуі мүмкін, сондықтан барлық дерек әлі де салыстырылып жатыр.

Қаржы министрлігі әзірге қорытынды шығаруға асықпай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0