$ 461.37  542.16  6.14

4 млн баланың тағдыры таразыда: Асхат Аймағамбетов мектептерді ауданға беруге қарсы шықты

Заң жобасына қатысты түзетулер енді Мәжілісте екінші оқылымда қаралады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Мәжілісте жергілікті басқару туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Алайда құжаттағы ең даулы тұс – мектептерді қайтадан аудан әкімдіктеріне бағындыру мәселесі. Депутат Асхат Аймағамбетов бұл қадамды «4 миллион баланың болашағына тікелей әсер ететін шешім» деп атады. Оның айтуынша, бұрынғы жүйеде білім саласы әрдайым соңғы орынға қалып, жемқорлық схемалар жылдар бойы жасырылып келген. 2021 жылғы реформа бұл жүйені бұзып, мұғалімдерді артық жұмыстардан босатып, мектеп басқаруын реттеген.

Аймағамбетов әкімдіктерге толық билік беру керек болса, неге оларға салық пен полицияны да тапсырмаймыз деген сұрақ қойды. Оның пікірінше, білім беру – ұлттық қауіпсіздікпен тең мәселе, сондықтан оны толықтай жергілікті деңгейге беру қауіпті. Депутат мектеп директоры шаруашылық емес, білім сапасына жауап беретін тұлға болуы керек екенін айтты.

Сонымен қатар ол гибридті модельді ұсынды: білім мазмұны мен кадр саясаты облыс деңгейінде қалуы тиіс, ал инфрақұрылым – әкімдіктердің жауапкершілігінде болуы мүмкін. Заң жобасына қатысты түзетулер енді Мәжілісте екінші оқылымда қаралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0