Оқиға Лесхоз ықшамауданында болған.
Атырауда нөсерден кейін жолаушылар автобусы батпаққа батып, қозғалысын жалғастыра алмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға Лесхоз ықшамауданында болған. Жол шайылып, қоғамдық көлік лайға тұрып қалғаны видеодан анық көрінеді.
Бұл – бір күндік мәселе емес, қаладағы инфрақұрылымның жүйелі әлсіздігін көрсететін жағдай. Жаңбыр жауса болды, жол жүруге жарамсыз күйге түседі деген тұрғындар шағымы жиілеп барады.
Әкімдік бұл жағдайға реакция беріп, жауапты қызметтерге аумақты құрғатып, автобусты шығару тапсырылғанын мәлімдеді.
Қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда мәселе уақытша шешіммен шектелмей, жол сапасына қатысты нақты жауапкершілік қаралуы керек деген пікір бар. Себебі әр жауыннан кейін қайталанатын көрініс – қалыпты жағдайға айналып барады.