Tao Tao-ның Алматыға сапары 16-17 наурыз күндері Almaty Tourism Bureau қолдауымен ұйымдастырылды.
Танымал қытай блогері Tao Tao Алматыға сапары барысында қала туристік әлеуеті мен ұлттық мәдениетін өз аудиториясына таныстырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның контенті 2,8 миллионнан астам жазылушыға жетіп, халықаралық деңгейде қала туризмін насихаттауға жаңа серпін берді.
Tao Tao-ның Алматыға сапары 16-17 наурыз күндері Almaty Tourism Bureau қолдауымен ұйымдастырылды. Блогер қаланың көрікті жерлерін аралап, этномәдени ерекшеліктермен танысты.
Бағдарлама аясында Tao Tao "Qazaq Riders" этнокешенінде қазақтың ұлттық киімін киіп, атқа мініп, дәстүрлі мәдениетті көрсетті. Сонымен қатар, ол "Yurta" және "Pekin Duck" мейрамханаларына барып, Алматының бай гастрономиялық мәдениетімен танысты.
Әлеуметтік желілерде белсенді контент жариялаған блогер таулы табиғат пен қаланың мәдени әртүрлілігін аудиториясына көрсетті. Жылқы, этномәдениет және lifestyle тақырыптарына арналған оның жазбалары әдеттегідей миллиондаған қаралым жинады.
Әкімдік мәліметінше, мұндай халықаралық сапарлар Алматыны қытай туристері үшін тартымды бағыт ретінде алға жылжытуға мүмкіндік береді. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында қалаға Қытайдан келген туристер саны 102,1 мыңға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ға өскен.