$ 486.2  557.82  6

Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды (ФОТО)

Аталған байқауда мемлекеттік байрақтардың әсемдігіне мән берілді.

Фото: Яндекс
Фото: Яндекс

Reddit платформасындағы Flags of the World Tournament онлайн-турнирінде қолданушыларының басым бөлігі Қазақстан туына дауыс берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аталған байқауда мемлекеттік байрақтардың әсемдігіне мән берілді. Нәтижесінде, Қазақстан туымен өзге елдердің мемлекеттік рәміздері теңесе алмаған. 

«Қазақстан – біздің чемпион! Баршаңыз дауыс беріп, бұл әлемдегі ең үздік ту деп шештіңіздер!» – делінген жарияланымда.

 

Екінші орынға Кирибати туы, ал үшінші орынға Бутан байрағы лайық деп танылды.

Турнирде 64 елдің туы қарастырылды. Әр раундта байрақтар дауыс беру арқылы келесі кезеңге өтіп отырды. Өтпегендері байқаудан шығып қалды. Алтыншы раундта, яғни финалда Қазақстан байрағы Кирибати рәмізінен басым түсті.

Сондай-ақ Сейшель аралдарының, Ұлыбританияның, Бразилияның, Шри-Ланканың, Ямайканың және Папуа – Жаңа Гвинеяның тулары да жақсы дауыс жинап, соңғы раундтарға дейін жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0