$ 491.29  562.92  6.1

Меккеде қарияның алақанына қонған құс жұртты толқытты

Бейнежазбада құс бірнеше секунд бойы қарияның қолында тыныш отырған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Меккеде түсірілген әсерлі сәт әлеуметтік желі қолданушыларын толқытты, деп хабарлайды желідегі парақшаларға сілтеме жасап, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрларда кішкентай құстың егде жастағы ер адамның алақанына жай ғана қонып отырғаны байқалады. Құс ұшып кетуге талпынбай, еш қорқыныш білдірмей, адамға толық сенім артқандай әсер қалдырады.

Бейнежазбада құс бірнеше секунд бойы қарияның қолында тыныш отырған. Бұл көрініс айналаға ерекше жылылық пен тыныштық сыйлағандай әсер қалдырады.

Желі қолданушылары мұндай сәттер адамның табиғатпен үйлесімін, мейірімділік пен сабырдың маңызын еске салатынын жазуда. Олардың айтуынша, дәл осындай шағын ғана көріністер кейде адамдарға жан тыныштығын сыйлап, жүрекке жылу ұялатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Мекке #құс