Марқұм көпбейінді қалалық ауруханада қызмет атқарған.
Жаңаөзенде пышақ жарақатынан көз жұмған 29 жастағы дәрігердің әріптестері жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Марқұм көпбейінді қалалық ауруханада қызмет атқарған.
«Орны толмас қаза. Әріптесіміз Аманғалиев Нұрдәулет Құрманғазыұлының отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Бақұл бол, білікті дәрігер, жаны жайсаң жолдас, қайсар азамат!» — делінген мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзенде ер адам 29 жастағы дәрігерге пышақпен шабуыл жасалған болатын.
Полицияның мәліметінше, ер адамдар арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық себепке байланысты туындаған.
Оқиғадан кейін күдікті полицияға өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған.
Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.