$ 503.17  600.89  6.63

Түркістанда үш полиция қызметкері қыз зорлаған: Қылмыстық іс қозғалды

Оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі ресми түсінік берген.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Түркістан облысында үш полиция қызметкері тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

 HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі ресми түсінік берген.

Ведомство мәліметінше, Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ІІМ хабарлауынша, бұрынғы полиция қызметкерлерінің қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген ақпарат толық көлемде тексеріліп жатыр және ол досуды тергеп-тексеру аясында құқықтық баға алады.

Сонымен қатар қызметтік тексеру нәтижесінде аталған үш қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен, яғни қызмет беделіне нұқсан келтіргені үшін жұмыстан босатылған.

"Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық істің тергелу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында", - деп хабарлады министрлік.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0