$ 503.9  603.32  6.61

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Ол бұл іске қатысты тергеу жұмыстары Бас прокурор мен Қорғаныс министрінің жеке бақылауында тұрғанын айтты.

Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қаза болуын тергеуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

- Бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қорғаныс министрінің бұйрығымен комиссия құрылып, оны Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев басқарды. Осы орайда, оқиғаның мән-жайы егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр, - деді Асқар Мұстабеков Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ол бұл іске қатысты тергеу жұмыстары Бас прокурор мен Қорғаныс министрінің жеке бақылауында тұрғанын айтты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 4