$ 513.55  602.09  6.42

Qazaq Air-дің 51% акциясын шетелдік инвестор 2 млн долларға иеленді

Мәміле аяқталғаннан кейін "Самұрық-Қазына" Qazaq Air компаниясының 49 пайыз үлесін өзінде қалдырды.  

Фото: 365info.kz
Фото: 365info.kz

Бұл туралы KASE сайтында жарияланған қордың 2025 жылдың 9 айына арналған аудиттелмеген қаржылық есебінде көрсетілген, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

«Самұрық-Қазына» қоры Qazaq Air әуе компаниясының 51 пайыз акциясын вьетнамдық Sovico Group компаниясына 1,02 млрд теңгеге (Ұлттық банктің валюта бағамы бойынша шамамен 2 млн АҚШ доллары) сатты.

Қаржылық есепке сәйкес, келісімнің түпкілікті жабылуы 2025 жылғы 6 мамырда жүзеге асқан.

Qazaq Air 2023 жылы жекешелендіру тізіміне енгізілген болатын. Сол кезде әуе компаниясының құны 10,2 млрд теңге деп бағаланып, Ұлттық қор алдындағы шамамен 38 млрд теңге көлеміндегі қарызын өтеу міндеттемесі қарастырылған. Алайда тасымалдаушыны сату бойынша өткізілген конкурс өтінімдердің болмауына байланысты екі рет жарамсыз деп танылған.

Sovico Group компаниясының Qazaq Air-ды сатып алуға қызығушылық танытқаны жөніндегі ақпарат алғаш рет 2023 жылдың қараша айында жарияланған. Ал 2024 жылы билік өкілдері мәмілені жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлағанын мәлімдеген. Ол кезеңде келісімнің болжамды құны шамамен 2 млрд теңге деп бағаланып, инвестор компанияның қарыздарын өтеу және жаңа әуе кемелерін сатып алу міндеттемесін өз мойнына алатыны айтылған.

2024 жылдың желтоқсан айының соңында «Самұрық-Қазына» қоры Central Asia Aviation Holdings Limited және Kazasia Holdings Limited консорциумымен Qazaq Air-ды сатып алу-сату туралы келісімшартқа қол қойған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары