Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Дамир Бекбосынов ұлттық күрес түрлерін дамытуда мол басқарушылық тәжірибеге ие.
Қазақстан күрес федерациясының жаңа бас хатшысы болып Дамир Бекбосынов тағайындалды — «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі, бүгінде спортты дамытуымен қатар жастардың патриоттық тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп жүрген азамат, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Дамир Бекбосынов ұлттық күрес түрлерін дамытуда мол басқарушылық тәжірибеге ие. 2023 жылдан бері ол Qazaq Kuresi ассоциациясының бас директоры қызметін атқарып келеді, ал 2025 жылдан бастап ұлттық күрес түрлері бойынша United World Wrestling (UWW) ұйымының Атқарушы комитетінің құрамына енді.