$ 503.89  587.54  6.48

Ұлытау облысында балабақшада 3 жасар қызды қатарластары жабылып ұрып-cоққан

Бүлдіршіндер бір-бірлеп келіп, соғып, итеріп жатқанда 3 жасар қызды басқа балалардан тәрбиешісі арашалап қалған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ұлытау облысының тұрғыны мемлекеттік балабақшаның бірінде балалардың қызына буллинг жасайтынын айтып, шағымданды. Балабақшаға дереу тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнекамераға түсіп қалған жазбадан баланың бірі қызды еденге жығып, басқа балалардың оны кезекпен келіп ұрып жатқанын көруге болады. Бүлдіршіндер бір-бірлеп келіп, соғып, итеріп жатқанда 3 жасар қызды басқа балалардан тәрбиешісі арашалап қалған.

Зардап шеккен қыздың ата-анасы буллингтің жеті ай созылғанына сенімді. Ал ересектер мұны білсе де, ешқандай шара қолданбаған. Тәрбиешілердің айтуынша, мұның бәрі қыздың сабақ кезінде басқаларға жиі кедергі келтіруінен болған-мыс. Енді мемлекеттік балабақшаны білім басқармасы мен полиция тексереді.

“Аталған факт Сәтпаев қаласының полиция бөліміне тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды тергеп, балабақша қызметкерлерінен, ата-аналардан және куәлардан ақпарат жинап жатырмыз. Бала қауіпсіздігіне қатысты барлық жағдайлар мұқият тексерілуде”, – дейді Ұлытау облыстық полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары