$ 503.89  587.54  6.48

Қар жауады: Елімізге циклон жақындап келеді

Бұл туралы синоптиктер ұсынған болжамда айтылады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатыны болжанады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы синоптиктер ұсынған болжамда айтылады.

"Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклон ықпалы мен атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болып, жел екпін алады. Еліміздің батысына, солтүстік-батысына және оңтүстік-батысына антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыздың басым бөлігінде тұман болады", деп жазды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Бұған дейін метеорологтар 2025 жылғы 4-6 желтоқсан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, табиғат қытымыр мінезге салатынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары