Қызыл жалынмен күреске шамамен 80 адам, 21 техника жұмылдырылған.
Қазір ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласының Жетісу ауданындағы екі қабатты қоймада шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ведомство мәліметінше, екі қабатты қоймадағы өртке байланысты жедел штаб құрылды.
— Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру үшін 3 бөлек бағыт ұйымдастырылған. Су үздіксіз беріліп, өртке қарсы құралдар қолданылуда. Барлық шұғыл қызметтер сол жерде жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат жоқ, — делінген хабарламада.
Қызыл жалынмен күреске шамамен 80 адам, 21 техника, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД-ның өрт автопойызы жұмылдырылған.