$ 518.66  597.44  6.56

«Бәрі орнына қойылды»: Тұрсынбектің заказы» деп сынға қалған Бақыт Тұрман ақталды

Мөлдір ханымның өзі де «Ол рас, осындай кемшіліктер болды» деп жазды.

Фото: politico.kz
Фото: politico.kz

Бақыт Тұрман қайтадан ел алдында: Мөлдір Мұқанованың киносына қатысты пікіріне жауап берді деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі сыншы және өнертанушы Бақыт Тұрман соңғы уақытта Мөлдір Мұқанованың жаңа фильміне қатысты ашық пікір білдірген еді. Осыдан кейін көпшілік оны желіде сынға алған болатын.

Алайда Тұрман енді ел алдына шығып, жағдайды түсіндірді. Ол өзінің пікірінде ешқандай реніш жоқ екенін атап өтті:

 

«Қыздар, бәрі жақсы. Мөлдір ханымның өзі де «Ол рас, осындай кемшіліктер болды» деп жазды. Мен әрдайым шын пікірімді айтамын, сондықтан ешқандай реніш туындамайды деп сенемін. Болды, бәрі орнына қойылды», – деді Бақыт Тұрман тіпті Мөлдірдің атынан жауап бере отырып.

 

Дегенмен бұл сөздер желі қолданушыларын бей-жай қалдырған жоқ. Көпшілік түрлі пікір білдірді:

 

«Қайраттың киносы да нашар ғой, оны неге айтпайсың?», «Мүмкін Тұрсынбекке жағу үшін айтты, себебі оның театрында жұмыс істейді ғой», «Бұл Тұрсекеңнің тапсырысы емес пе?»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары