$ 518.66  597.44  6.56

Астанада тұрғын үйлер жарықсыз қалды: әкімдік мәлімдеме жасады

Түнгі уақыттан бері жедел апаттық бригадалар РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана әкімдігі қаладағы Тұран қосалқы станциясындағы ұяшықтардың апатты жағдайда өшірілуіне қатысты түсініктеме беріп, жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түнгі уақыттан бері жедел апаттық бригадалар РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына жедел қызметтің үш бригадасы, Есіл аудандық электр желілері қызметінің мамандары, сынақ және диагностика қызметі, сондай-ақ кабель желілері қызметінің мамандары дереу жетті. Үйдің ортақ қажеттіліктерін ең төменгі деңгейде қамтамасыз ету үшін дизельді-генераторлы қондырғылар қосылды.

2025 жылдың 22 қарашасы күні сағат 01:06–да «Тұран» қосалқы станциясында технологиялық ақау болып, РП-217-ге энергия беретін № 106 және № 210 ұяшықтары ажыратылды.

«Шектеу аймағында жеті тұрғын үй кешенінің тұтынушылары бар. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр», — деп атап өтті ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары