$ 518.66  597.44  6.56

Қазақстанда 6 әуежай жекешелендіруге берілмек

Осы екі әуежай үшін жекешелендірудің нақты түрлері де белгіленбеген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ұлттық жекешелендіру кеңсесі Қазақстандағы алты әуежайды жекешелендіруге арналған нысандар тізіміне қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Билік Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан және Қызылорда әуежайларын жекешелендіруге арналған нысандар тізіміне енгізіп, оларды стратегиялық инвесторларға беруге дайындап жатыр.

Сенімгерлік басқаруға беріледі деп жоспарланған әуежайлар:

- 2026 жылы – Қызылордадағы “Қорқыт Ата әуежайы” АҚ;

- 2027 жылы – “Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы” АҚ және “Түркістан халықаралық әуежайы” АҚ.

Сонымен қатар, 2027 жылы “Павлодар әуежайы” АҚ жеке меншікке берілмек. Ал Ақтөбедегі “Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы” АҚ және “Шымкент әуежайы” АҚ бойынша жекешелендіру мерзімі көрсетілмеген. Осы екі әуежай үшін жекешелендірудің нақты түрлері де белгіленбеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары