$ 518.66  597.44  6.56

Жол апаты: Ақмолада су жаңа машиналар тиелген көлік аударылды (ВИДЕО)

Жүргізуші көліктерді Алматыдан Қостанайға алып бара жатқан.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақмола облысында су жаңа автомобильдер тиеген автотасығыш көлік аударылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ситрак» маркалы көліктің жүргізушісі Қостанайды бетке алып, алдыңғы көлікті басып озбақ болған. Маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалды.

Автотасығыштың үстінде сегіз жаңа қытай жеңіл көлігі болған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жүргізуші көліктерді Алматыдан Қостанайға алып бара жатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары