88 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Астанада шетелдік азамат сотталып, ірі көлемдегі ақша тәркіленді деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Басты көлік прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылғы 21 қарашада шетелдік азаматты елден 200 000 евро (шамамен 120 млн теңге) алып шығуға тырысқан кезде астаналық әуежайда ұстаған.
"Астананың қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының шешімімен тәркіленген валюта мемлекет кірісіне берілді. Басты көлік прокуратурасы еске салады: АҚШ доллары бойынша 10 000 доллардан астам қолма-қол ақшаны шығару тыйым салынған. Валюта заңнамасын бұзғаны үшін биылдан бері 129 адам жауапкершілікке тартылып, 88 млн теңгеден астам айыппұл салынды", – деп хабарлады ведомство.
2025 жылғы қазан айында Ақтау әуежайында Тбилисиге (Грузия) ұшуға тырысқан азамат ұсталып, декларацияланбаған ірі көлемдегі ақша тәркіленген. Нәтижесінде ол 18 мың АҚШ долларынан (шамамен 9,9 млн теңге) айырылған.