Салтанатты табыстау рәсімі достық әрі жұмыс атмосферасында өтті.
Барлық іріктеу кезеңдерін сәтті аяқтаған үміткерлер «Дала Қырандары» қозғалысының ресми мүшесі атанып, төсбелгілерін алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Салтанатты табыстау рәсімі достық әрі жұмыс атмосферасында өтті. Оған дейін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын толық сынақтан өтті: 3000 метрге жүгіру, Купер тесті, ұйым жарғысы бойынша емтихан және үйлестірушілермен жеке сұхбат. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кезеңдер тек күш пен жылдамдықты ғана емес, тәртіпті, мінезді және ішкі жігерді талап етті. Төсбелгінің табысталуы — үміткерлердің ұзақ дайындық жұмысының нәтижесі және ұйымның белсенді, жауапты, отаншыл жастары қатарына қосылғанының символы. Тәжірибелі қырандар қызылордалық команданың жоғары дайындық деңгейін және бірлігін ерекше атап өтті.
«Әрбір төсбелгі — сенімнің белгісі. Бұл жастар нағыз қыран атағына лайық екенін дәлелдеді»,
— деді ұйымдастырушылар. Осылайша, Қызылорда «Дала Қырандары» қозғалысы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің қатарына ресми түрде қосылды.