Алматы тұрғындарының түк көрмеген әрекеті көпшілік тарапынан сынға ұшырады.
Алматыда жаңа суши-мейрамхананың ашылуы шумен аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұйымдастырушылар алғашқы қонақтарға тегін суши мен торт беруге уәде берген. Тарату басталған бойда үлкендер бірден балалармен тамаққа бірге таласа ұмтылған. Мүмкіндігінше тегін тамаққа тез жетуге тырысқан халық бірін бірі таптап, сығылысқан. Қысылып, ауа жетпей айқайға басқандар да болды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда адамдар мейрамхананың тамақ тарататын қызметкерлерін қоршап тұрғанын көруге болады. Кейбір ата-аналар балаларын қолдарында ұстап қалғанмен, жапырыла ұмтылған топ оларды да қысымға алған. Алматы тұрғындарының түк көрмеген әрекеті көпшілік тарапынан сынға ұшырады.
«Бірдеңе тегін берілсе әрқашан осындай масқара болады. Көпшілік ұсақталып, айқайлап, жылап таласады. Африкадағы балалар тамақ үшін кішіпейілділікпен кезекте тұрады», - деп жазды пікір қалдырушылар.
Сонымен қатар тамақ тарату тәртібін дұрыс реттей алмаған ұйымдастырушыларда сынға ілікті.
«Тортты бүтіндей беру жағында ойлану керек еді. Кейбіреулер бірден, екіден тортты жұлып кетті, ал қолы жетпеген, жуас балалар тортсыз қалды», - деп жазды сынаушылар.