Аталған басқармалардың екі басшысы да қазір қамауда.
ҰҚК жанындағы Антикор Түркістан облыс әкімдігіне қарасты қос бірдей басшыны қамауға алды. ҰҚК ведомстволардың басшыларына қатысты істерді тергеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қоғамдық даму басқармасының басшысын 191 млн теңге жымқырды деп күдіктенеді. Басқарма басшысы Ерлан Күзембаевқа қатысты ауыр айып тағылған. Ол бұл лауазымға 2023 жылы тағайындалған еді.
«Ұрланған ақша бастапқыда қызметкерлердің жалақысы арқылы бөлінген. Ол бағыныштылармен келісе отырып ұрлық схеманы жасаған», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар ветеринарлық қызмет басқармасының басшысына қатысты істі тергеп жатыр. Ведомство басшысы комиссия мүшелеріне Қаржы-шаруашылық қызметті тексеру қорытындысы бойынша оң қорытынды шығару үшін пара ретінде 16 миллион теңге берген. Ветеринарлық қызмет басқармасының басшысы бұрында жемқорлықпен тергеліп, құтылған еді.
Аталған басқармалардың екі басшысы да қазір қамауда.