$ 547.57  642.63  6.68

Қазаққа танымал журналист өмірден озды

Министрлік марқұмның туыстарына, жақындарына және әріптестеріне терең қайғырып көңіл айтты. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі жазушы Еркін Жаппасұлының дүниеден өткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрлік марқұмның туыстарына, жақындарына және әріптестеріне терең қайғырып көңіл айтты. 

Жазушылықпен қатар Еркін Жаппасұлы журналистика саласында да белсенді еңбек етті. Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері.

Еркін Жаппасұлы қазақ сатирасының жарқын өкілдерінің бірі болды. Оның шығармалары өткір тілімен, әзіл мен сынға толы терең мазмұнымен, қоғам өмірін дәл бейнелеуімен ерекшеленді.

Жазушы отандық әдебиет пен журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, туған мәдениетіне деген жауапкершілікті терең сезіне білген нағыз кәсіби қаламгер ретінде танылды. Оның есімі, шығармашылығы мен авторлық қолтаңбасы әріптестері, оқырмандары және оның сөзінің қуатын бағалаған барша жанның жадында мәңгі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары