Жауапты мекеме мен басқарма басшысы Әділет шамдарды қосамыз деп сендірген.
Шымкент тұрғындары әкімдікке тағы да ашулы. Еңбекші ауданындағы Садық Оспанов көшесінде бір жылдан бері жарық шамы жанбай тұр. Жергілікті халық бұл мәселені талай рет көтергенімен, әкімдіктің уәдесі орындалмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жауапты мекеме мен басқарма басшысы Әділет шамдарды қосамыз деп сендірген. Бірақ уақыт өтті, нәтиже жоқ. Қараңғылықта жүрген тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы.
Қарапайым халық «осы мәселені шешуге неге сонша уақыт керек?» деп сұрайды. Бір жылда әкімдік жарықты қосуға шамасы жетпесе, халықтың сенімін қайтіп ақтамақ?
Бұл — тек бір көше ғана емес, қаладағы жүйелі мәселенің айнасы. Халық билікке сенім артып отыр, ал әкімдік болса бос сөзге әуес болып қалғандай.