$ 547.57  642.63  6.68

«Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз»: Танымал журналист депутат Ардақ Назаровты жекпе жекке шақырды

Құрғақ уәдеден шаршадық.

Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды. Медиамаман Назаровты тікелей эфирге қосылып, маңызды сұрақтарға жауап беруін талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын! Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет. Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз — бәрі халық алдында ашық айтылсын”, — дейді журналист.

Ол Назаровқа қолғаптың орнына дипломдарын, студент кезіңізде түскен суреттерін ала келуін айтты.

“Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін. Бұл — тек жекпе-жек емес. Бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас. Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр. Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз. Егер шынымен ер азамат болсаңыз — октагонға шығып, соны дәлелдеңіз! Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз — шығыңыз!”, — дейді Әбенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары