$ 547.57  642.63  6.68

Қарғалыда халық автобус күтіп қиналып тұрғанда – әкімдік пен диспетчерлер қол қусырып отыр (ВИДЕО)

Жүргізушілердің бұл әрекеті – халыққа деген ашық немқұрайлылық.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Куәгердің айтуынша, жолдан үш бірдей бос автобус өтті. Бірақ бірде-бірі аялдамаға тоқтамаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жүргізушілердің бұл әрекеті – халыққа деген ашық немқұрайлылық. Одан бөлек, диспетчер де телефонға жауап бермеген. Ал ол өз жұмысын дұрыс атқарса, бос автобустардың бірін тура бағытқа жіберуге болар еді. Соның кесірінен 30-дан астам адам тығылысып, толып келген автобусқа мінуге мәжбүр болды.

Бұл жағдай қарапайым тұрғындардың күніне қанша қиындық көріп жүргенін тағы бір дәлелдеді. Әкімдік пен жауапты мекемелер үшін халықтың тағдыры түкке тұрғысыз сияқты. Адамдарды тасымалдау – жай ғана қызмет емес, ең әуелі қауіпсіздік пен құрмет. Ал Қарғалыда оған бас қатырып жатқан ешкім жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары