$ 547.57  642.63  6.68

Түркістан облысында балалар апатты сарайда оқып жүр: биліктің 20 жылдық уәдесі әлі орындалмады

"Балалардың өмірі қыл үстінде тұр".

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Түркістан облысының Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында 54 бастауыш сынып оқушысы апатты ғимаратта оқуға мәжбүр. деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мектептің төбесі құлап, едені шіріп кеткен. Қабырғалары қақырап, әр сабақта балалардың өміріне қауіп төнуде. Ауыл тұрғындары бұл мектепті 70 жыл бұрын саманнан өз қолдарымен тұрғызған. Содан бері төртінші ұрпақ дәл осы құлағалы тұрған жерде оқып келеді. Спортзалдың орнында – тат басқан турник, ауызсудың орнына – аулада тұрған ескі бочка. Даладағы күл-қоқыстың арасында ойнаған балалар әр күні жарақат алып келеді. Ата-аналардың айтуынша, шенеуніктер жаңа мектеп салу туралы 20 жылдан бері уәде беріп келеді. Бірақ нәтиже жоқ. Жыл сайын қаржыға сілтеп, құрғақ сөзбен шектеледі.

— Әкімдік биыл құрылыс басталады деген. Бірақ іргетасы да қаланбады. Балалардың өмірі қыл үстінде тұр. Ертең бір оқиға болса ғана «апатты» деп мойындайтын түрі бар, — дейді ауыл тұрғындары.

Жергілікті билік құжаттар дайын, мәселе тек қаржыға байланысты деп түсіндіреді. Бірақ дәл осылай созып жүргеніне екі онжылдық болды.

Ауыл халқының наразылығынан кейін ғана мектеп уақытша жабылды. Балаларды көрші ауылға автобуспен тасымалдауға уәде етілді. Түркістан облысында білім саласының жағдайы билікке үлкен сын. 20 жыл бойы орындалмаған уәде – ауыл балаларының болашағына балта шапқан шешімсіздіктің айқын көрінісі

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары