$ 544.26  634.72  6.52

Шымкентте шатыр шайқалып тұр, құлау қаупі бар: Қауіпсіздікке әкім жауапты ма?

Бұл оқиға – тек бір шатырдың мәселесі емес, қаладағы жалпы құрылыс сапасына қойылатын сұрақ.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Шымкентте түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрдан үлкен шатырдың қатты шайқалып, құлап кетуге шақ тұрғаны анық байқалады. Бұл жағдай көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Өйткені астында адамдар жұмыс істеп жүр, ал кез келген сәтте шатырдың құлап кетуі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Халық пікірі екіге жарылды. Бірі – «арзан материалдан салынған» десе, енді бірі – «құрылысшылар сапасыз жұмыс істеген» деген уәж айтады. Желі қолданушысы Gulzh жазғандай: «Ақшаға құныққан кейбірі сапаға мән бермейді, тезірек істеп, ақша алуға ғана тырысады». Тағы бір пікір қалдырушы Shuxrat болса: «Арзанның сорпасы татымас, шатыр да арзан материалдан істелген» деп жазады.

20 жылдық тәжірибесі бар дәнекерлеуші Асқар есімді азамат та өз ойын білдірген: «Материалды өздеріңіз сапалысын әкелмесеңіздер, істеген жұмыс та сапасыз шығады. Мен арзан дүниені қабылдамаймын, себебі ол ертең қауіп тудырады» дейді ол.

Әкімдік не дейді? Қарапайым халық бұл жағдайға ең алдымен жергілікті билікті кінәлап отыр. «Қаладағы құрылыс сапасын қадағалайтын орган қайда қарап отыр? Қауіпсіздік ережесі неге сақталмаған?» деген орынды сұрақтар қойылуда. Құрылыс нысанына бақылау жасалмаса, кез келген сәтте апат болары анық.

Бұл оқиға – тек бір шатырдың мәселесі емес, қаладағы жалпы құрылыс сапасына қойылатын сұрақ. Әкімдік тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жауапкершілікті күшейтуі тиіс. Әйтпесе, «сапасыз жұмыс – сапасыз бақылаудан» басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары