$ 542.8  637.84  6.49

Жезқазғанда қоқысқа көміліп қалдық: халықтың жанайқайы жауапсыз қалды

Тұрғындардың пікірінше, қоқыс апталап тазаланбайды.

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Жезқазған қаласында тұрмыстық қалдық мәселесі ушықты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда қоқыс контейнерлерінің лық толып, қоқыстың көшеге жайылғаны анық көрінеді. Қала тұрғындары бұл жағдайға наразы болып, билікке бірнеше рет шағымданғанымен, нәтиже жоқ екенін айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың пікірінше, қоқыс апталап тазаланбайды. Пластик дорбалар желмен аспанда қалықтап, аулаларды басып қалған. Балалар ойнайтын алаңдар да қалдыққа толып, иістен тұрғындар терезе ашуға да қорқып қалған.

– «Ешкім қадағаламаса, басшылар керек қылмаса, осылай болады. Халықты ойлап жатқан жан жоқ», – дейді қала тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірінде.

Басқа тұрғындар да Жезқазғанның түгел дерлік «бардак қораға» айналғанын айтады. «Қала түгел қоқысқа көміліп жатыр. Бүкіл ауаны сасытты. Мусор тастайтын жер жоқ», – дейді жергілікті тұрғын.

Кейбір пікір иелері қаланың мәртебесі облыс орталығы болғанымен, тазалық жұмыстары атымен жоқ екенін жазған. «Үш-ақ контейнер тұр. Қанша үйге жетеді ол? Бұрын кішкентай темір жәшік қоятын. Қазір ешкім жұмыс істемейді. Қалтасы ақшаға толғандар халықты ұмытты», – деп қынжылады желі қолданушысы.

Қоқыстан көз ашпаған Жезқазған тұрғындары биліктен нақты әрекет күтуде. Әзірге мәселе шешімін таппай, халықтың жанайқайы әлеуметтік желіден ары аспай отыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары