$ 541.18  636.05  6.52

«Ардақ Назаровтан қаламын ба»: Рейстердің бірінде қазақстандық бортсерік анасын туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)

Оның сөзіне жолаушы лар қошемет көрсетіп, қол соғып қолдау білдірді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ұшақ пилотының анасына арнаған жүрекжарды құттықтау сәті кеңінен тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Пилот рейс алдында жолаушыларға үн қатып:

«Құрметті жолаушылар, жолға сәл кешіккеніміз үшін кешірім өтінемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздердің рұқсаттарыңызбен анашымның туған күнімен құттықтағым келеді. Анашым, әкетай екеуіңізге бақыт тілеймін. Денсаулық, рахмет», – деді.

Оның сөзіне жолаушылар қошемет көрсетіп, қол соғып қолдау білдірді.

Ал желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырып, күлкіге қарық болды: 

"Ардақ Назаров сол ұшақта отырса", "Бұл саған парламент пе, парламентте құттықтайсың", "ой Ардақ прикол болды-ау", "Сен депутатсың ба?", - деп жазды жұрт. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары