$ 538.89  629.53  6.34

Бір реттік некеге тұруға қатысты дауда қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовтің ісі сотта қаралды

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Бүгін Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына әнші Рүстем Жүгінісовтің ісі қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс тамыз айынан бері созылған. Сот құжатынан әншіні Әкімшілік кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша "ҚР аумағында мәліметтер мен материалдарды қамтитын масс-медиа өнімдерін тарату, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, егер бұл ic-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау және ақтау, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашу " бойынша жауапкершілікке тарту қаралып жатқаны белгілі болды.

Бұл үшін жеке тұлғаларға 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза қарастырылған.

Істің қандай пікірмен байланысты екені әзірге түсініксіз. Соттан сұралды.

Бірақ бұл әншінің Ақтөбе мешітінде болған оқиғаға қатысты айтқан сөздеріне байланысты секілді.Қыз беймәлім адамның өзіне "бір реттік неке" ұсынғанын айтып,  видео жариялаған болатын. Рүстем Жүгінісов сол кезде қызды арандатушылық жасады деп айыптады.

"Әпеке-қарындастар, мұндай жағдайларға себеп бермеңіздер. Көшеге жалғыз шықпаңыз. Әйел үшін мешіт - оның үйі. Үйде намаз оқыңыз. Намаз оқығаннан кейін кешке серуендемеңіздер. Бәлкім, сіз өзіңіздің әрекетіңізбен ер адамды іздеп жүргендей әсер қалдыратын шығарсыз", - деген болатын Рүстем Жүгінісов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары