$ 540  630.72  6.72

Артында 4 баласы қалды: Ақтөбеде көпбалалы ананың мәйіті табылды

Ерлі-зайыпты кешкісін қонақтан үйлеріне оралған.

Фото: pexel.kz
Фото: pexel.kz

Қайғылы оқиға Ақтөбеде 16 тамызға қараған түні болды. 30 жастағы әйелдің артында төрт баласы қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ««Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты кешкісін қонақтан үйлеріне оралған. Түнде күйеуі мен балалары ұйықтап жатқанда, әйел бөлмеге кіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмғанын ғана тіркеді. Полиция тексеріс жүргізіп, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Басылымның дерегінше, отбасы 2024 жылы Атырау облысынан Ақтөбеге қоныс аударған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары