$ 540  630.72  6.72

АҚШ Аляска саммитінде Украина бойынша келісімнің болмау себебін айтты

Трамптың айтуынша, болашақта мәмілеге келуге айтарлықтай мүмкіндік бар.

Фото: Andrew Harnik/Getty Images
Фото: Andrew Harnik/Getty Images

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио ABC арнасына берген сұхбатында Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Аляскадағы кездесуінде не себепті Украина мәселесі бойынша келісім жасалмағанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Біз ешқашан келісім болады деп айтқан жоқпыз, себебі ол келіссөздерге украиндар қатысқан жоқ", – деді Рубио.

Айта кетейік, 15 тамызда Путин мен Трамп Аляскада шамамен үш сағат келіссөз жүргізді. Кездесуде Украинадағы дағдарысты реттеу басты тақырыптардың бірі болды. Алайда тараптар бейбіт келісімге келе алмады. Дегенмен, Трамптың айтуынша, болашақта мәмілеге келуге айтарлықтай мүмкіндік бар.

Ал 16 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский 18 тамызда Вашингтонға сапармен барғысы келетінін мәлімдеді. Бұл оның Трамппен ақпандағы Ақ үйдегі жанжалдан кейінгі алғашқы сапары болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары