Бүгін жарияланған құн – индикативтік көрсеткіш.
«КАЭС» компаниясының басшысы Ернат Бердіғұловтың айтуынша, бұл сома түпкілікті емес, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
– Бүгін жарияланған құн – индикативтік көрсеткіш. Ол Ресейден межүкіметтік экспорттық несие алу шарттарын анықтау үшін қолданылады. Ал нақты баға іздестіру жұмыстары мен техникалық шешімдерге байланысты айқындалады, – деді ол.
Қазақстанның атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Асет Махамбетовтың сөзінше, үшінші станция бойынша барлық вендорлармен жұмыс жалғасып жатыр. Ал басым серіктес ретінде Қытай компаниясы қарастырылуда.