12.09.2026, 05:30

«Үлкенді сыйлауды білмейді»: Актер Әбілмансұр Серіков көптің сынына ұшырады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Азамат Сатыбалды оны кездейсоқ көшеде көріп қалған. 

Танымал актер Әбілмансұр Серіковтың өнер майталманы Азамат Сатыбалдымен әзілдескен видеосы көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Азамат Сатыбалды оны кездейсоқ көшеде көріп қалған. 

Әбілмансұр Серіков темекісін шеккен күйі "Премьераң құтты болсын, оңбаған!" деді. 

Өнердегі ағасына зіркілдеп сөйлеген актерға халық:

“Үлкендерді сыйлаудан қалған ба?”, "Баланың көзінше темекі шеккені несі?", "Оңбаған деген не сөз?",- деп айып тағуда.