12.09.2026, 01:30

«Шаң ғой мынау!»: Мақпал Жүнісованың сахнадаға әрекеті көпті күлкіге батырды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Сізді ұзақ күтіп, әбден шаң басып қалды".

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Оралдағы концертінде пианиноның шаңын көрсетіп, қолымен сүртіп жібереді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі "мынау шаң ғой" дегендей жақтырмаған сыңай танытқан. 

Кейн әншіні ұлықтау кезінде ақын Бауыржан Халиолла бұл жағдайдан әдемі сөз тауып шыққан.

«Бұл күйсандыққа сізден басқа ешкімді жақындатпаймыз. Сізді ұзақ күтіп, әбден шаң басып қалды. Көңілді де, күйсандықты да шаң басты. Соның шаңын өз қолыңызбен сүрткеніңізге рақмет. Қалжың үшін айтып жатырмын, күн сайын тазаланады. Лактың түсі сондай», - деді ол.