$ 539.38  629.46  6.76

Алматыда ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.

Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Алматыдағы Офицерлер үйінде ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Одан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында митинг өткізу жоспарланған. Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.

Ғарышкер Талғат Мұсабаев 4 тамыз күні 74 жасында өмірден өтті. Ол 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылында дүниеге келген. Мұсабаев – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. Ол ғарышқа үш рет ұшып, барлығы 341 тәулік, 9 сағат 46 минут болған. Барлық ұшулар барысында Мұсабаев сегіз рет ашық ғарышқа шыққан, бұл 43 сағат 46 минутқа созылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары