$ 539.38  629.46  6.76

«ЛГБТ-ны ашық қолдайтын әртіс»: Журналист Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қарсы шықты

"Концертті тоқтатыңыздар".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Журналист, тележүргізуші Сауле Әбілдаханқызы Facebook парақшасында депутаттарға үндеу жасап, әншінің концертін өткізбеуді сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол концерттің өтетін күні ұлттық құндылықтарға сай келмейтінін алға тартты.

«10 тамыз — ұлы Абайдың туған күні. Мұндай күні бұқаралық ойын-сауық шараларын, әсіресе ЛГБТ қауымдастығын ашық қолдайтын әртістердің қатысуымен өткізуді қазақ мәдениетіне құрметсіздік деп санаймын. Концертті тоқтатыңыздар!», — деп жазды белсенді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 104
Ұнамайды 6
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары