Мамандардың айтуынша, уақыт жоғалтпай, ерте диагностика жасау – ата-ана болудың негізгі кепілі.
Қазақ қоғамында бедеулік туралы айтылғанда, кінә көбіне әйелдерге артылады. Алайда медицина бұл пікірдің қате екенін дәлелдеп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Профессор Салтанат Байқошқарованың айтуынша, егер ерлі-зайыптылар бір жыл бойы қорғанусыз жыныстық қатынасқа түсіп, әйел жүкті болмаса — бұл клиникалық бедеулік саналады. Мұндай жағдайда дәрігерге жүгініп, толық медициналық тексеруден өту керек.
«Бедеулік – әйелдің де, еркектің де мәселесі. Сондықтан отбасы бұл мәселеге бірлесе қарап, шешім қабылдауы қажет», – дейді профессор.
Мамандардың айтуынша, уақыт жоғалтпай, ерте диагностика жасау – ата-ана болудың негізгі кепілі. Қазіргі таңда ЭКО, ИКСИ сынды заманауи әдістер арқылы көптеген отбасы бала сүю бақытын кешіп отыр.