$ 541.93  636.71  6.83

«Балалар емес, жер керек пе?»: Депутат балалар үйін көшіру дауына байланысты әкімнің отставкасын талап етті

Ол балалар үйі орналасқан жер теліміне біреулердің көзі түсіп отырғанына сенімді екенін жеткізді.

Фото: mazhilis.parlam.kz
Фото: mazhilis.parlam.kz

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру дауы Президентке дейін жеткен еді. Осы жағдайға қатысты мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек пікір білдірді, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол жергілікті билік Алматыдағы ғимараттың жарамсыз екендігін дәлелдей алмағанын және балаларды әлі мемлекет балансына өтпеген Конаевтағы ғимаратқа көшіруге тырысқанын айтты.

Осыған байланысты депутат Алматы облысының әкімі мен білім басқармасы басшысының отставкасын талап етті.

Сонымен қатар ол балалар үйі орналасқан жер теліміне біреулердің көзі түсіп отырғанына сенімді екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары