$ 538.64  631.56  6.85

Оралдық өрт сөндіруші Жан-Клод Ван Даммның трюгін қайталады (ВИДЕО)

Әсерлі видео Орал қаласының төтенше жағдайлар басқармасының Instagram парақшасында жарияланды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушісі елді таңғалдырған ерекше трюк көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол екі қозғалып бара жатқан өрт сөндіру көлігінің үстінде тұрып, әйгілі актер Жан-Клод Ван Даммның трюгін қайталап, шпагатқа отырды.

Бұл әсерлі видео Орал қаласының төтенше жағдайлар басқармасының Instagram парақшасында жарияланды. Роликтің авторы бұл трюкті кәсіби мамандар жасағанын атап өтіп, мұндай қауіпті әрекеттерді өз бетінше қайталауға болмайтынын ескертті.

Видео тек құтқарушылардың физикалық дайындығын ғана емес, отандық техниканың сапасын да паш етті.

“Бұл көліктер шетелдік емес, өзіміздің инженерлер мен жұмысшылардың еңбегінің жемісі. Қазақстанда, өз жолдарымызға бейімделіп жасалған. Құтқарушыларымыз үшін арнайы құрастырылған отандық техника”, – делінген жазбада.

Әлеуметтік желіде тараған бейнеқатар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Көп қолданушы Оралдағы осындай өндірістің бар екенін мақтанышпен атап өтті.

"Оралда осындай арнайы техника құрастыратыны қандай керемет. Сіздермен мақтанамыз”, “Мықты”, “Жарайсыңдар, әдемі, заманауи техникалар”, “Табысты болыңдар, дамыңдар. Оралда осындай мықты кәсіпорынның бары қандай керемет”, “Құтқарушы ешқандай қауіпсіздік құралынсыз керемет алып шықты”, – деп жарыса жазды желі қолданушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары