$ 544.87  639.02  6.88

Ақтөбеде жаңа Hyundai автокөлігі тура жанармай құю бекетінде өртеніп кетті (ВИДЕО)

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД, ӨСО және ТЖМ-нің медициналық қызметі келді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

20 шілде күні Ақтөбедегі T-Gaz автогаз құю стансасында жаңа Hyundai Santa Fe көлігі өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 25 литрлік тұрмыстық газ баллонын толтыру кезінде болған.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД, ӨСО және ТЖМ-нің медициналық қызметі келді. 

Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында от толық сөндіріліп, жалын АГҚС-тың резервуарлары мен инфрақұрылымына тараған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары